184
Ислам ғылымхалы
Пайғамбарымыз бір күні сахабаларын жинап,
намазға шақыру түрін белгілеу үшін мәжіліс құрады.
Кейбір сахабалар христиандар сияқты қоңырау шалуды
ұсынса, енді біреулер еврейлер тәрізді сырнай тартуды
алға тартты. Тіпті, отқа табынатын мәжусилер құсап,
намаз уақыты кіргенде от жағуды еске алғандар да
болды. Бірақ Пайғамбарымыз бұлардың ешқайсысын
қабылдамады.
Сол кезде Омар (р.а.) сөз алып:
– Пайғамбарым, халықты намазға шақыру үшін
неге бір адам тағайындамасқа? – деген ұсынысты алға
тартты.
Осыны орынды көрген Пайғамбарымыз Хазреті
Біләлге бұрылып:
– Тұр, Біләл, намазға шақырып халыққа жар сал! –
деп әмір етті.
Бұны естіген Біләл біраз уақытқа дейін Мәдинә
көшелерін аралап: «Әс-салаһ, әс-салаһ (Намазға
асығыңдар, намазға асығыңдар)» деп жар салып жүрді.
Бірақ бұл да жеткіліксіз еді.
Осыдан көп ұзамай, Абдуллаһ бин Зәйд атты сахаба
бір түс көреді. Түсінде оған азанның дәл қазіргі түрі
үйретіліп жатыр екен. Ол өзі былай әңгімелейді:
«Ұйқылы-ояу халімде маған біреу келді. Үстінде екі
жасыл киімі бар. Бір кішкене тамның үстіне шығып
алды. Қолында бір қоңырау бар екен. Мен оған:
– Сен мынауыңды маған сатасың ба? – дедім. Ол:
– Бұны не істейсің? – деп сұрады.
– Намаз уақытында қоңырау шаламыз, – деп жауап
бердім. Сонда ол: