Previous Page  199 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 520 Next Page
Page Background

199

Намаз

адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз

оқуларына рұқсат.

Имамдықтың шарттары

Имамның жасы балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу

және мұсылман болуы шарт. Иманға теріс кейбір күпір

сенімі бар адамның артында намаз оқуға болмайды.

Имам кісінің ер кісі болуы керек. Әйел заты ер кісілерге

имам бола алмайды. Бірақ әйел адамның өз араларында

имам болуы мәкрүһ жолымен рұқсат. Әйел имам болған

уақытта басқа әйелдермен бір сапта тұрады. Имам болған

әйелдің алдыға шығуы – мәкрүһ.

Имам кісінің намазды дұрыс оқи алатындай және

оқитын Құран сүрелерін жатқа білуі қажет. Үзірлі адам

имам бола алмайды.

Намаздың жамағатпен оқылу үлгісі

Жамағаттың әрбірі имамға ұюға ниет етеді. Мысалы:

«Бүгінгі бамдат намазының парызын өтеуге ниет еттім.

Ұйыдым имамға». Одан кейін имам қолдарын көтеріп,

жария түрде «Аллаһу әкбар» деп намазға бастайды.

Жамағат қолдарын көтеріп, құпиялай «Аллаһу әкбар»

деп, имаммен бірге намазға бастайды. Имам мен жамағат

«субханаканы» жасырын оқиды. Имам құпиялай ә’узу

мен Бисмиллаһты оқып, әрі қарай жариялай «Фатиха»

және қосымша сүре оқиды. Имам бамдат, ақшам және

құптан намазының алғашқы екі рәкатында және үтір

намазының үш рәкатында, жұма мен айт намазының

барлық рәкаттарында «Фатиха» мен оған қосымша аят-

тарды жамағат еститіндей жария оқиды. Және тәкбірлер