Previous Page  202 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 202 / 520 Next Page
Page Background

202

Ислам ғылымхалы

Таң намазының екінші рәкатына үлгерген

жағдайда...

Имамға таң намазының екінші рәкатында үлгерген

адам ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алғаннан кейін

ары қарай имамды тыңдайды. Соңғы отырыста тек

қана «әт-тәхият» дұғасын оқиды. Имам екі жаққа сәлем

бергеннен кейін дереу тұрып, үлгермей қалған бірінші

рәкатын жалғастырады. «Субханака» дұғасы мен «ә’узу

мен бисмиллаһты», сосын «Фатиха» мен қосымша сүрені

оқығаннан кейін рүкүғ, сәжде, соңғы отырыс жасап, на-

мазын аяқтайды.

Ақшам намазының екінші рәкатына

үлгерген жағдайда...

Имамға ақшам намазының екінші рәкатында

ұйыған адам үлгермей қалған бірінші рәкатын тура

таң намазының екінші рәкатына үлгерген адам сияқты

оқиды.

Ақшам намазының соңғы рәкатына

үлгерген жағдайда...

Ақшам намазының соңғы рәкатына үлгерген адам

ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алғаннан кейін «суб-

ханака» дұғасын оқып, ары қарай сол рәкатты имаммен

бірге тәмамдайды. Имам сәлем бергеннен кейін тұрып

«субханака» дұғасы мен «ә’узу мен бисмиллаһты» сосын

«Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде

жасап отырады. Бұл отырыста тек қана әт-тахият дұғасын

оқып, қайта тұрады. Бисмиллаһтан кейін «Фатиха» және

қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде жасағаннан кейін

соңғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тәхият», «са-