Previous Page  170 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 520 Next Page
Page Background

170

Ислам ғылымхалы

жария айтпайтын еді»

– деп риуаят еткен. (Ибн Жарир

әт-Табари, Тәһзибул-әсар. Бұл риуаятты жеткізген

рауилердің бәрі сенімді, дұрыс. Тек Әбу Сағид әл-Баққал

мудаллис болғанымен сенімді. Ал сенімді мудаллистердің

риуаятыИбнХажар секілді бірқатар хадис ғалымдарының

пікірінше дұрыс деп бағаланады).

Ханафи және Малики мәзһаб ғұламаларының

әминнің іштей айтылуына байланысты басқа да көптеген

дәлелдері бар. Ұзап кетер деген ниетпен бұл жерге жа-

зылмады.

Ескерту:

Қазіргі таңда қазақстандық

мұсылмандар арасында «әминді» іштей айту мен жария

айтуға байланысты көптеген дау-дамай болып жүр.

Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминге» байланы-

сты хадистерін төрт мәзһаб ғұламалары әр түрлі түсінген.

Шафиғи мен Ханбали ғұламалары «әминді» жария айту

керек десе, Ханафи және Малики ғұламалары іштей айту

керек дейді. Яғни әр мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері

бар. Сондықтан біз жоғарыдағы ханафи ғұламаларының

келтірген дәлелдерін «әминді» жария айтуға байланысты

басқа мәзһабтардың келтірген дәлелдерін жоққа шығару

яки мүлдем дұрыс емес деу үшін жазған жоқпыз. Тек

айтпағымыз – әминді іштей айтуға байланысты Ханафи

мәзһабының да өзіндік шариғи дәлелдері бар екенін,

оның жай айтылған негізсіз үкім еместігін білдіру. Негізі,

«әминді» жария яки іштей айту − дауласып, қызыл

кеңірдек болып, бір-бірімізге ала көзбен қарайтындай

аса бір маңызды іс емес. Маңыздысы – әминнің «Фатиха»

сүресінен кейін ықыласпен айтылуы әрі періштелердің

«әмин» деуіне дәл келіп, күнәлардың кешірілуі емес пе?

Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойыХанафимәзһабын