Previous Page  164 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 520 Next Page
Page Background

164

Ислам ғылымхалы

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اهِّ صَلّى اهُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ إِذَا قَالَ

الِْمَامُ { غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَالَ الضّالِّينَ } فَقُولُوا آمِينَ فَإِنّ

ِالْمَالَئِكَةَ تَقُولُ آمِينَ وَإِنّ الِْمَامَ يَقُولُ آمِينَ فَمَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ

الْمَالَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدّمَ مِنْ ذَنْبِه

«Имам «ғайрилмағдуби ғалайһим уәләддаллин»

деген уақытта сендер де «әмин» деңдер. Себебі,

періштелер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді. Кім

де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне

дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі»

. Хадисті Әбу

Һурайра риуаят еткен. Хадистің дәрежесі сахих.

Ханафи ғалымдары бұл хадистегі «имам да

әмин дейді» сөзін негізге алып, «әминді» іштей айту

сүннет деген. Себебі, «әмин» сөзін егер имам жария

айтатын болғанда Пайғамбарымыздың «имам да әмин

дейді» деп, имамның да «әмин» дейтіндігін жамағатқа

білдіруінің қажеті болмас еді. Яғни, періштелер мен

имамның әмин деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «себебі, періштелер «әмин»

дейді, имам да «әмин» дейді» деп, олардың да «әмин» деп

айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаһқа мәлім).

• «Әмин» сөзі – «Дұғамызды, тілегімізді қабыл

ал!» – деген мағынаны білдіретін дұға. Cахих Бухари

кітабында «әмин» сөзіне «дұға» деп түсінік берілген. Ал,

дұғаның іштен айтылуы абзал. Құранда:

«Раббыларыңа

жалбарынып, іштей (құпия) тілеңдер!»

– делінеді.

(«Ағраф» сүресі/55). Пайғамбарымыздың (с.а.у.):

«Іштей

тілек – жария жетпіс тілекке тең»

– дегенін де ескерер

болсақ, «әмин» дұғасын құпия айту абзал. Намаздағы

«субхана раббиял-ағла», «субхана раббиял-азим», «суб-