160
Ислам ғылымхалы
9. Рүкүғтен тұрып жатқан кезде,
«Сәми’ Аллаһу
лимән хамидаһ»
деп, артынан
«Раббәнә уә ләкәл-хамд»
деу де – сүннет. Имам әуелгісін – жария, кейінгісін –
құпия айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Имам Сәми’
Аллаһу лимән хамидаһ»
деген кезде, сендер
«Раббәнәә
уә ләкәл-хамд» деңдер»
, – дейді
204
.
10. Рүкүғ пен сәжде тәсбихтары – сүннет.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім рүкүғке барған
кезде, үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» десін. Бұл сан –
тәсбихтың ең аз мөлшері»
205
– деп айтқан.
11. Рүкүғте ер кісілердің қолдары мен саусақтардың
арасы ашық түрде тізелерге қойылуы – сүннет. Әйелдер
тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қоюмен шектеледі.
Сонымен қатар ер кісілердің рүкүғте түрегеп тік тұрулары,
бастарын арқасымен тең ұстап, одан жоғары көтермеулері
де, төмен түсірмеулері де сүннет. Әйелдердің тізелері
аздап бүгіледі.
12. Қиямда (түрегеп тұрғанда) екі аяқ арасын иықтың
көлеміндей ашық ұстау – сүннет.
13. Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан
кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу.
14. Сәжде отырыстары мен тәшәһһүд отырыста-
рында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап,
саусақтарын құбылаға қарату – сүннет. Әйелдер сол
аяқтарын оң жағына жатқызып жерге отырады.
15. Отырыстарда және сәжде арасындағы кідірме
отырыстарда қолдарын тізеге жақын сандарының үстіне
қою.
204
Бухари, Азан, 52.
205
Ибн Мажә, Иқамә, 20.