Previous Page  158 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 520 Next Page
Page Background

158

Ислам ғылымхалы

Ерлер оң қолының іш жағын сол қолының үстіне

қойып, бас бармақ пен шынашақ арқылы білекті орайды.

Әйелдер екі қолын кеудесіне апарып, оң қолын сол

қолының үстіне қояды. Бірақ саусақтарымен білектерін

орамайды.

4. «Субханака» дұғасын оқу. Яғни, ифтитах (бастау)

тәкбірінен кейін құпия түрде «сәна» (мадақ) дұғасын оқу

– сүннет. Ол төмендегідей: َ

{ سُبْحَانَكَ اللّهُمّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَك

اسْمُكَ وَ تَعَالىَ جَدّكَ وَ لاَ إِلَهَ غَيْرُكَ}

«Субханака Аллаһумма

уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука

уә ләә-иләһә ғайрука»

.

«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс

пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып,

мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және

де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай

жоқ».

Аллаһ Елшісінің намазды бастаған сәтте осы дұғаны

оқығандығын Хазіреті Айша жеткізген

200

.

5. Алғашқы рәкатта – «Фатихадан» бұрын құпия

түрде «Ә’узу мен Бисмиллаһтың» оқылуы және

келесі рәкаттарда – «Фатихадан» бұрын Бисмиллаһ

оқылуы – сүннет. Ә’узу мынау: ِ

ِ أَعُوذُ بِالِ مِنَ الشيْطَان

الرَجِيم

«Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим»

(илаһи рақымдылықтан қуылған шайтаннан Аллаһқа

сиынамын). Мұның айтылу дәлелі Құранда:

«Құран

оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»

201

«Бисмиллаһир-рахманир-рахим»

(Рахман және Рахим

Аллаһтың атымен бастаймын). Бірақ имамға ұйыған «Фа-

200

Муслим, Мусафирин, 202.

201

Нахыл, 16/98.»