Previous Page  153 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 520 Next Page
Page Background

153

Намаз

Алғаш отырыста «әт-тахиятты» оқып, кідірмей

келесі рәкатты жалғастыру – уәжіп. Сол себепті аздап

кідіріп қалған адамға парыз қиямды кешіктіргені үшін

қателік (сәһу) сәждесі қажет. Сәһу сәждесін қажет ететін

бұл кідіріс – «Аллаһумма салли ала Мухаммад» деп ай-

тылатындай уақыт.

Үш немесе төрт рәкатты намаздарда бірінші отырыс

– уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай жасаған.

Қателесіп, бірінші отырысты отырмай түрегелген

уақытта сәһу сәждесін жасаған

191

.

Қазаға қалған бір намазды күндіз жамағатпен оқыса,

егер ол намаз бамдат намазы секілді жария оқылатын

намаз болса, онда жария оқылады. Ал, жеке оқылса,

қалауы еркінде.

Екі айт намазының әрбір рәкатындағы қосымша үш

тәкбірі – уәжіп. Осы намаздарда бірінші рәкаттардың

рүкүғ пен сәжде тәкбірлері – сүннет. Бірақ екінші

рәкаттың рүкүғ тәкбіріне келсек, уәжіп тәкбірлерінен

кейін бітісіп айтылғандықтан уәжіп саналған.

Намаздардың парыздарындағы ретке бағыну –

уәжіп. Бұл рет – қырағат пен рүкүғ арасында және әрбір

рәкатта қайталанған әрекеттердегі мәселе. Мысалы: бір

адам бірінші рәкаттың бір сәждесін тәрк етсе, соңғы

отырыстан немесе сәлем бергеннен кейін есіне түссе,

дереу бұл сәждені қаза етеді. Одан кейін тәшәһһүд пен

отырысты қайталап, оң жаққа сәлем беріп, сәһу сәждесін

жасайды. Сосын тәшәһһүдке отырады.

Намаз ішінде оқылған сәжде аяты үшін «тиләуәт»

сәждесін жасау – уәжіп.

191

Шәукани, II. 273