Previous Page  149 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 520 Next Page
Page Background

149

Намаз

6. Ақырғы отырыс

Намаздың соңында «тәшәһһүд» шамасындай отыру

– намаздың тіректерінің бірі, яғни парыз. Тәшәһһүд

шамасы деген – «әт-тахият» дұғасын оқитындай уақыт.

Қанша рәкат намаз болсын ең соңындағы рәкаттан кейінгі

отырыс – ақырғы отырыс деп аталады. Аллаһ Елшісінен

бізге жеткен «әт-тахият» дұғасы:

هِّ و الصّلَوَاتُ و الطّيِّبَاتُ ألسّلاَمُ عَلَيْكَ أَيّهَا النّبِيّ وَ

{أَتّحِيّاتُ ل

رَحْمَةُ الِ وَ بَرَكَاتُهُ ألسّلاَمُ عَلَيْنا وَ عَلَى عِبَادِ الِ الصَالِحِينَ أشْهَدُ

اَنْ لاَ إِلَهَ إِلاّ الُ وَ أَشْهَدُ أَنّ مُحَمّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ}

«Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа-таййбату,

әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә

бәрәкатуһ, әс-сәләәму ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-

саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду

әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы:

«Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік,

дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Ей, Пайғамбар!

Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен

берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және

Аллаһтың салихалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан

өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті

Мұхаммедтің Аллаһтың құлы мен пайғамбары екеніне

куәлік етемін»

183

.

Ақырғы отырыста тәшәһһүд шамасындай отырудың

парыздығы мына хадиске сүйенеді:

«Аллаһ Елшісі ибн

Масғудқа тәшәһһүдті үйреткен кезде былай деді: осыны

айтқан немесе жасаған кезде намазың аяқталады»

184

.

183

Бухари, Азан, 148, Муслим, Салат, 56-60.

184

Әбу Дәәуд, Салат, 178.