Previous Page  144 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 520 Next Page
Page Background

144

Ислам ғылымхалы

Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге

болады. Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымында да әрбір

мүше мемлекет өзара белгіленген ортақ тілде ғана

сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайда-

сы көзделмейді.

Мәселенің тағы бір жағы, қандай да бір

аударманың ешқашандай түпнұсқаны толық қамти

алмайтындығында

173

. Құран аяттарының әрбір сөзінің

бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана

беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің

де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы

әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы

мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір

мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен

сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан

да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан кейбір сөздің

«сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баянда-

лайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны

аудармада беру мүлдем мүмкін емес.

Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды

жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет

оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін

оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат

алады. Өйткені, Аллаһ Тағала Құран сөздеріне осындай

ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін

күнделікті әр намазымыздың барлық рәкаттарында

оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне

ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне

ағыла құйылып ерекше әсер етуі тағы бар.

173

Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы,

Димашқ. 2001 ж.