Previous Page  142 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 520 Next Page
Page Background

142

Ислам ғылымхалы

оқығанда тәрк етілмейді де, қырағат имамға ұйыған

адамға міндеттелмейді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Имам – оған ұю үшін тағайындалып қойылған. Имам

тәкбір айтқанда, сендер де айтыңдар, Құран оқыған

уақытта, үнсіз болыңдар»

,

171

– дейді.

Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы

бойынша, қырағаттың тек арабша мәтіні болу керек.

Құранды басқа бір тілге аударып оқу – дұрыс емес.

Әбу Ханифа Құранды басқа бір тілге аударып оқуға

болады деп иштиһад етсе де, кейіннен бұл көзқарасынан

қайтқан.

Қырағатты намазда іштен оқыса, қырағат санал-

майды. Сол себепті, оны адамның өзі еститіндей немесе

тілі әріптерді ақырын шығарып қимылдау керек. Бірақ

жанындағылар еститіндей оқып, олардың көңілін бұзбау

қажет

172

.

* * *

Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана

араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде

орындаса жеңіл болмас па еді?

Намазда мұсылмандардың Құран Кәрімнен сүрелер

оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз

тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед

(с.а.у.) пайғамбар заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл

қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?

Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде

құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері

171

Бухари, Таксир, 19; Әбу Дәәуд, Салат, 68, 175.

172

ДИА, 144.