141
Намаз
– Пайғамбарым! Сырқаттанып қалдыңыз ба? – деп
сұрадым.
– Жоқ, аштық! Әбу Һурайра, – деді.
Мен шыдай алмай, жылап жібердім. Менің
жылағанымды көріп:
– «Жылама, Әбу Һурайра! Бұл дүниеде аштық
азабын тартқан, арғы жақта Аллаһтың азабын
тартпайды»
167
, – деп жұбатты.
3. Қырағат
Қырағат – оқу деген сөз. Бұл жерде «Құран оқу»
мағынасын білдіреді. Намазда оқылатын аяттың ең
қысқасы Әбу Ханифа бойынша үш аят немесе осы үш
аяттың көлеміндей бір яки екі аят. Қырағаттың парыз
болуы. Аят:
«Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»
168
.
Хадис:
«Қырағатсыз намаз жоқ»
169
. Екі мейлі төрт
рәкат намаз болсын, оның тек екі рәкатында қырағат –
парыз. Бірақ сол қырағатты алғашқы екі рәкатында оқу
– уәжіп. Нәпіл мен үтір намаздарына келсек, олардың
барлық рәкаттарында қырағат –парыз. «Фатиха» сүресін
оқу уәжіп. Сондықтан «Фатиха» оқылмаса, намаз
«тахрим мәкрүһ»
170
ретінде дұрыс. Намазда «Фатиха-
ны» оқуды ұмытқан жағдайда қателік (сәһу) сәждесін
жасау керек. Намаздың негізгі тіректерін құраған қиям,
рүкүғ сәжде секілді парыздарға қарағанда, қырағат –
намаздың артық парызы. Сондықтан қиям, рүкүғ сәжде
және соңғы отырыс мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз
167
Кәнзу,л-Уммал, 7/199.
168
Мүзәмміл, 73/20.
169
Муслим, Салат, 42.
170
Харамға жақын мәкрүһ.