138
Ислам ғылымхалы
қаза қажет емес
159
. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің
бесін намазын оқиды.
6. Ниет
Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет –
намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе,
сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде
қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды.
Қайта ниет ету қажет.
Ниет – жасалмақ іске жүрекпен иілу. Мұны тілмен
айту шарт емес. Мүштәһид имамдардың бұл жайлы
иттифақтары (ауызбірлігі) бар. Ниет – ғибадатты
жай істерден бөлек етіп көрсету. Ниет өте маңызды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Іс-әрекеттер тек ниетке байла-
нысты», – дейді
160
. Сондықтан рияшылдықпен жасалған
ғибадат – Аллаһ үшін емес, адамдар үшін жасалған нәрсе.
Оған сауап жазылмауы былай тұрсын, күнәсін алады.
Демек, ниеттің орны – жүрек. Тілмен айту – көбірек
айтылған көзқарас бойынша, мұстахап. Сол себепті,
жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына
ниет еттім» – деп тілмен айту абзал. Айтылмаса оқасы
жоқ.
Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап
білдіретін ниеттің болуы қажет. Парыздың қаза намаз-
дары да солай. Бірақ нәпіл намаздарға жеке атын атап
ниет етумен қатар, жалпы ниет те жетіп жатыр.
Бір адам жамағатпен намаз оқылып жатқан бір
топқа үлгерсе, бірақ бұл намаздың парыз немесе тарау-
их екенін біле алмаса, парызға ниет етеді. Жамағат ниет
159
ДИА, 223-224.
160
Бухари, Бәду’л-уахи, 1.