133
Намаз
толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки
сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып
келсе яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба
алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғыңдар, онымен
беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ
түсіруді қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды,
сондай-ақ, шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығмет,
ырыс-берекесін толықтыруды қалайды»
147
.
Хадисте:
«Дәреттерің бұзылған кезде, қайта дәрет алмай, Аллаһ
намаздарыңды қабыл етпейді», – деп ескертеді
148
. Басқа
бір хадисте: «Аллаһ тазаланбай оқыған ешқандай на-
мазды қабыл етпейді»
– делінеді
149
.
2. Нәжістерден тазалану (Заттық
тазалық)
Намаздан бұрын дене мен киімді немесе намаз
оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет.
Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жа-
сайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып
екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса,
төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан
астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе
намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды.
Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен
аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
3. Әуретін жабу
Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабы-
луы парыз ұятты мүшелер.
147
Маида, 5/6.
148
Бухари, Уду, 2.
149
Бухари, Уду, 2.