139
Намаз
еткеніндей парыз намазын оқыса, намазы дұрыс. Егер
тарауих болып шықса, оқыған намазы «нәпіл намаз» деп
саналады. Тарауих намазын құптан намазынан бұрын
оқуға болмайтындықтан, оқығаны тарауих намазы болып
есептелмей, тек қана нәпіл намаз түрінде қалады.
Жамағатпен намаз оқылғанда имамға ұюға ниет
ету қажет. Бірақ имамның имамдыққа ниет етуі шарт
емес. Ал, жамағатқа әйелдер де қатысса, олардың намазы
дұрыс болуы үшін, имам кісі оларға имам болуды ниет
етуі керек
161
.
Ниеттің ифтитах (бастау, ашу) тәкбіріне жақын
болуы – абзал. Бірақ тәкбірден кейін ниет етсе дұрыс
болмайды.
Ішкі парыздары
1. Ифтитах (бастау, ашу) тәкбірі
Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген
мағынаға саяды. Әрі «тахрим тәкбірі» деп те аталады.
Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда алынатын тәкбір.
Яғни, тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ
қағу. Түрегеп тұра алмаған кісі отырып тәкбір айта алады.
Имамның жамағат естуі үшін тәкбірді жариялап айтуы –
мұстахап. Бұл жайлы аят:
«Раббыңдыұлықта»
162
. Хадис:
«Намаздың кілті – тазалық, тахримасы – тәкбір»
163
.
Басқа бір хадисте:
«Дәретті толық алып, содан кейін
161
Зуһайли, II,611.
162
Мүдәссір, 74/3.
163
Тирмизи, Мауақит, 62.