Previous Page  135 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 520 Next Page
Page Background

135

Намаз

Қағбаны көрген адам жүзін тура сол Қағбаға

қаратып оқиды. Егер одан алыс болса, тікелей Қағбаға

емес, соның бағытына қарай жүзін бұрады. Намаздың

мақсаты – жүрекпен Аллаһ Тағалаға берілу. Әлбетте,

Аллаһ өлшем, бағыттан пәк. Бірақ жүректің көңілі жай

болып, намазда күллі мұсылманның жүзін бұратын бір

жер қажет. Сырттай жүзімізді Аллаһтың үйі – Қағбаға

бұрғанымыздай, іштей де Аллаһ назар салатын жүрегіміз

бен көңілімізді барлық нәрселерден аластап, тазалап, тек

Аллаһқа бет бұруымыз керек

154

.

Қағбаның қай бағытта болғанын білмеген адам

құбыланы білетін адамдардан сұрайды. Мүмкіндік

болмаған жағдайда, құбыланы өз иштиһадымен

(түйсігінің итермелеуімен) табуы ләзім. Яғни, осы тұста

болуы тиіс деп, айға, жұлдызға, т.б. қарап, намазын

жобалаған жағына қарай оқуы тиіс. Бірақ намазын бітір-

ген соң оқыған жағы құбыла болмай шықса, намазын

қайта оқудың қажеті жоқ. Құбыла жайлы күмән мейлі

дала, мейлі қала, мейлі күндіз, мейлі түнде болсын бәрі-

бір. Мұндай адамға біреудің есігін қағып, құбыланы сұрап

жатудың қажеті жоқ

155

. Құбыла жайлы қүмәнданған кісі

жанында адам бола тұрып, одан сұрамай өз қөзқарасымен

бір тарапқа қарай оқыса, сол оқыған жағы құбыла болып

шықса, намазын қайта оқу тиіс емес. Бұрыс шықса,

қайта оқуына тура келеді. Көздері көрмейтін адам да

осы секілді. Құбыла жайлы жөн білетін сенімді кісінің

сөзіне қанағаттанбаса да, оған сену қажет. Себебі, хабар

– зерттеуден әлдеқайда басым тұрады.

154

ДИА, 231-бет.

155

Білмен, 110.