Previous Page  132 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 520 Next Page
Page Background

132

Ислам ғылымхалы

Намаздың сыртқы және ішкі парыздары

Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы –

сыртында, алтауы – ішінде. Әуелі сыртында болғандарға

тоқталайық.

1. Хадасаттан тазалық.

2. Нәжісаттан тазалық.

3. Әурет жерін жабу.

4. Құбылаға бет бұру.

5. Уақыт.

6. Ниет.

Бұлар намаздың шарттары деп аталады.

Қалған алтауы намаз ішіндегі парыздар:

1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі

2. Қиям (Тұру)

3. Қырағат (оқу)

4. Рүкүғ

5. Сәжде

6. Ақырғы отырыс

Сыртқы парыздары

1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)

Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас

жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші

хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас

немесе үлкен хадастан тазалану – жуыну, дәрет алу

немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады. Құранда Аллаһ

былай дейді:

«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда

жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар.

Бастарыңа мәсіх тартыңдар, және екі тобыққа

дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар,