Previous Page  128 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 520 Next Page
Page Background

128

Ислам ғылымхалы

зын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер

едім»

140

.

Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген

адам түннің ақырына дейін кешіктіру – мұстахап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Түннің ақырына

дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір на-

мазын түннің алғашқы уақытында оқысын

.

Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адам

болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі, түнгі намаз

– періштелер қатысатын намаз.

Мәкрүһ уақыттар

Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар

болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары

да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз

оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмай-

тын, бірақ қаза намаз оқуға болатын уақыт.

Ешбір намаз оқылмайтын уақыттың өзі үшке

бөлінеді:

Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге

дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.

Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте

болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін

созылады.

Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен

бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта

сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде оқуға

болады.

140

Тирмизи, Мәуақит, 10.