Previous Page  123 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 520 Next Page
Page Background

123

Намаз

Бесін намазы

Бесін уақыты – күннің көктің ең жоғары тұсынан

батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің

көлеңкесі өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады.

Бесіннің осы уақыты – алғашқы аср (намаздыгер) деп

аталады. Бұл – Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи,

Малик және Ханбәлдің көзқарастары. Әбу Ханифа бо-

йынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі

есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін намазы

шығып, аср (намаздыгер) уақыты кіреді. Бұны – екінші

аср деп атайды.

Фақиһтердің көпшілігінің дәлелі мына хадис:

Жебірейіл (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға намаздың уақытын

үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір

есе болғанға дейін намазын оқыған

129

. Әбу Ханифаның

дәлелі болса, Хазіреті Пайғамбардың мына хадисі:

«Бесін

намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені, бесін

уақытындағы ыстықтың дәрежесі, жаһаннамның

ыстығын еске түсіреді»

130

. Араб түбегінде қатты ыстық

болған уақыт – барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған

кез. Сол себепті, бесінді жаздың салқын уақытында оқу

– мұстахап.

Бесін намазы уақытының бастауына байланысты

барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят:

«Күн

батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына дейін намаз

оқы»

131

. Бесін намазының соңғы уақыты жайлы екі түрлі

көзқарастан құтылу үшін бесін намазын алғашқы асыр-

129

Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;

130

Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181.

131

Исра, 17/78.