Previous Page  125 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 520 Next Page
Page Background

125

Намаз

бозамық. Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед және Ханафи-

лардан басқа үш мәзһаб пен Әбу Ханифадан риуаят

етілген басқа бір риуаят бойынша шапақ – көкжиекте

пайда болған қызамық. Осы қызыл кеткен кезде ақшам

намазының уақыты шығады. Бұған ибн Омар анықтама

береді: «Шапақ – көкжиектегі қызамық»

134

. Ханафилар-

да фәтуаға негізделген көзқарас – Әбу Юсуп пен Имам

Мұхаммедтің көзқарасы.

Құптан намазы

Құптан намазының уақыты–қызыл шапақтың

жоғалған сәтінен екінші таңның атуына дейінгі мезгіл.

Екінші таң атқан сәтте құптанның уақыты шығады. Бұған

ибн Омардың (р.а.) бізге жеткізген мына хадисі дәлел:

«Шапақ – қызамық. Шапақ жоғалған сәтте, намаз оқу

парыз»

135

.

Құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіру

– мұстахап. Түннің ортасына дейін кешіктіру – мүбаһ,

себепсіз екінші таңға дейін кешіктіру – мәкрүһ. Өйткені,

бұл уақытта адам намаз оқып үлгермеуі ықтимал.

Үтір намазының уақыты – құптан намазынан кейін

басталады. Оның соңғы уақыты – екінші таңның атуына

аз уақыт қалғанға дейін. Үтір намазын оянуына күмән

келтірген адам ұйықтамай тұрып, ал оянатынына сенімді

жан осы намазды түннің ақырына дейін кешіктірсе

абзал.

Тарауих намазының уақыты, таңдалған көзқарасқа

қарай, құптан намазынан кейін басталып, бамдат

намазының уақытына дейін жалғасады. Тарауих намазы

134

Х. Дөндерен, 200.

135

Х. Дөндерен, 200.