131
Намаз
намазы болса, адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, бейне
бір өз қабірінің басында тұрып, «Аллаһ үшін не істедің,
артыңда қандай өлмейтұғын із қалдырдың?» деп өзін-өзі
сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал құптан
намазының қараңғылық қоюланып, тыныштыққа оранған
мезгілі – беймәлім қабір әлемін еске түсіреді
145
.
Міне, осылай ойлаған әрбір мұсылман әрқашан Жа-
ратушы Жаппар Иеге іштей терең тағзым етіп, ақыретке
қарай қадам басады.
Намаздың парыз болу шарттары
Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер
кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес.
Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің
тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі
жазасы – күпірліктің қарымы.
Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген
балаға намаз парыз емес. Өйткені, Аллаһ Елшісі былай
дейді:
«Үш адамға қаламжазылмайды: Айыққанға дейін
ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға
және балиғат жасына жетпеген балаға»
146
.
Ақыл-есі дұрыс болу: Ақыл – ислами жауапкер-
ліктің негізі. Сондықтан Ханбәли мәзһабынан басқа
фақиһтардың көзқарастары бойынша, ақылынан адас-
қанға намаз парыз емес. Бұл жайлы хадисті жоғарыда
айтып өттік.
145
«Жайнамаз». Мұхитдин Исаұлы, «Қазақ әдебиеті», 29.3.2002.
146
Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.