Previous Page  129 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 520 Next Page
Page Background

129

Намаз

Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа

намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуат сәждесі

да жасалмайды. Тиләуат сәждесі жасай қалған қүнде де,

оны кейіннен қайтадан өтеу тиіс. Нәпіл намаз оқылса, оны

кейіннен өтеу тиіс емес. Ол – мәкрүһ ретінде іске асады.

Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз

оқуға салынған тыйым – күнге табынғандарға ұқсамау

үшін берілген. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн Амир

әл-Жуһени (р.а.) былай дейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш

уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге

тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл

тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және

күн батуға бет алған уақытта»

141

.

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен

басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте:

«Бамдат намазынан бұрын және бамдат намазы кірген

кезде, бамдат намазының екі рәкат сүннетінен басқа

намаз жоқ»

142

– делінген.

Бамдат (таң) намазын оқығаннан кейін күн шыққанға

дейін;

Намаздыгер намазын оқығаннан кейін күн батқанға

дейін;

Ақшам намазының парызынан бұрын;

Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;

Айт намазынан кейін мешітте;

141

Муслим, Мусафирин, 293; Әбу Дәәуд, Жәнаиз, 51; Тирмизи,

Жәнаиз, 41.

142

Ханбәл, II, 104.