148
Ислам ғылымхалы
бірінің арқасына сәжде ете алады. Хазіреті Омардың:
«Таржерде адамдар бір-бірінің арқасына сәжде етсін»
180
– деген сөзі бар.
Бір адамның киімінің таза жерге түскен артығының
үстіне сәжде ете алады. Бірақ сәждеде қаттылық сезілу
қажет. Сондықтан мақта, қар, т.б. қаттылығы сезілмейтін
жұмсақ нәрсенің үстіне сәжде етілмейді. Сол сияқты
күннің ыстығы мен суығы секілді себептерге байла-
нысты таза жерге қойылған екі қолдың үстіне сәжде
жасауға болады. Мұндай жағдайда сәлде немесе киімінің
артығына да сәжде жасай алады.
Рүкүғ пен сәждеде, рүкүғ пен сәжде дұғаларын бір
рет оқитындай уақыт тұру жеткілікті. Бұл жерде үш рет
тәсбих оқитындай уақыт тұру парыз емес. Бірақ рүкүғ
пен сәждеде сүннет бойынша, ең аз дегенде үш рет
тәсбих оқу керек. Намазды жеке оқыған адам, одан да
көп тәсбих оқуына болады. Сәждеде оқылатын тәсбих:
{ سُبْحان رَبِّيَ الاَعْلَى }
«Субхана раббиял-а’лаа»
(Аса
ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк). Әрбір рәкатта
екі рет сәжде жасалады. Бұлардың бірі орындалмаса,
намаз бұзылады. Ұмытып, жаңылысып тәрк етіп, бірақ
кейіннен есіне түссе, сәлемнен кейін есіне түссе де,
намазға қайшы әрекет жасалмаса, дереу сәждеге барып,
соңғы отырыс қайталанып, қателік (сәһу) сәждесі жа-
салады
181
.
Сәжде аса маңызды. Аллаһ Елшісі былай дейді:
«Құлдың Раббысына ең жақын кезі – сәждеге бас қойған
сәті. Сәждеде көп дұға етіңдер»
182
.
180
Ханбәл, I, 32.
181
Білмен, 125.
182
Муслим, Салат, 215.