Previous Page  150 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 520 Next Page
Page Background

150

Ислам ғылымхалы

Яғни, тәшәһһүдті оқыған немесе оқитындай мезгіл

отырған уақытта намазың аяқталады. Бұл жерде

Аллаһ Елшісі намаздың аяқталуын бір қимылмен

байланыстырған. Ол – отыру ісі. Міне, Аллаһ Елшісі

әт-тахиятты отырған кезде ғана оқыған. Сондықтан

намаздың аяқталуы отыруға байланысты.

Тағдил әркан

Тағдил әркан – рүкүндерді дұрыстап, орнымен

жасау. Бұл – намазда, рүкүғте тұрған уақытта, сәждеде,

екі сәжде арасындағы отырысқа мән беріп, сол жер-

лерде аздап кідіру. Бұл кідіру – кем дегенде бір рет

«Субханалллаһи азим»

дейтіндей мезгіл. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) намазын апыл-ғұпыл оқыған біреуге былай дейді:

«Намазға тұрған уақытыңда тәкбір айт. Содан кейін

Құран аяттарының жеңіл келген бір бөлігін оқы. Содан

кейін көңіл толатындай рүкүғ жаса, содан кейін көңіл

толатындай етіп сәжде ет. Дәл осылай намазың

біткенше жаса»

185

.

Тағдил әркан – Имам Юсуп пен Шафиғи, Малики

және Ханбәли мәзһабтары бойынша, намаздың бір

парызы. Бірақ Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің

көзқарасы бойынша – уәжіп. Сондықтан Имам Ағзам мен

Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намазда тағдил әркан

жасамаған адам қателік (сәһу) сәждесін істеуі қажет.

Аллаһ Елшісі бір хадисте былай дейді:

«Намаздарыңда

ұрлық жасаған кісі – ұрының ұрысы»

. Осы кезде сахаба-

лар:

«Ей, Аллаһтың Елшісі! Адам намазда қалай ұрлық

жасайды?»

, – деді. Сонда ол:

«Рүкүғ пен сәжделерін

185

Бухари, Азан, 95.