Previous Page  155 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 520 Next Page
Page Background

155

Намаз

1. Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен

қамат оқу. Сол секілді жамағатпен оқылатын қаза на-

маздар үшін де азан, қамат – сүннет. Бірақ жамағатпен

бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші

намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат

айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан

мен қамат – мұстахап. Жамағатпен оқылатын намаз үшін

азан, қаматтың айтылмауы – мәкрүһ. Жұмаға қалада бола

тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын

оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Әйел заты

үшін де азан мен қамат сүннет емес.

2. Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру

– сүннет. Ер кісілер қолдарының бас бармақтарын

құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын

иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу

әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық

күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы

керек. Ханафилар бұл жайлы мынандай хадистерге

сүйенеді:

ِعَن الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ قَالَ كَانَ النّبِيّ صَلّى اهُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ إِذَا كَبّرَ

رَفَعَ يَدَيْهِ حَتّى نَرَى إِبْهَامَيْهِ قَرِيبًا مِنْ أُذُنَيْه

Бәра ибн А’зиб (р.а.) былай дейді: «

Аллаһ Елшісі

тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда

екі басбармағының екі құлағына жақын болғанын

көретінбіз»

193

.

Әнәс ибн Мәликтен мына хидис риуаят етілді:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір

айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының

193

Сунануд-Дарәқутни, 3-том, 245-бет. Муснад Ахмад.