Previous Page  162 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 520 Next Page
Page Background

162

Ислам ғылымхалы

«Я, Аллаһым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке

және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп,

олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһимжәне

оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың

мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазреті Мұхаммед пен

оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-

берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһимжәне

оның отбасы мен ұрпағын мүбәрак еткенің секілді.

Күмәнсіз, Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни барлық

мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән».

Хазреті

Ибраһимнің айтылуы – оған үлкен берекет берілгендігі

үшін. Әрі Пайғамбарымыз да (с.а.у.) соның ұрпағынан

келеді.

19. Сәлемнен бұрын дұға оқылуы – сүннет. Бұл

дұғаға Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахих

дұғаларының таңдалуы абзал. Намазда оқылатын дұға:

{رَبّنا آتِنَا فى الدّنْيَا حَسَنةً وَ فيِ الآخِرَةِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذابَ النّارِ}

«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-

әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’зәбән-нәр». Яғни,

«Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де

жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан

сақта».

20. Намаз соңында алдымен – оңға, сонан соң – солға

сәлем беру – сүннет.

21. Намазда алдына қалтқы қою – сүннет. Яғни,

ашық жерлерде намаз оқыған адам, алдынан басқалар

өтпеу үшін алдына 60-70 сантиметрдей қалың немесе

жіңішке ағаш немесе қазық, т.б. қадайды. Жамағатпен

оқылатын намазда имамның алдына ғана қойылуы