163
Намаз
жеткілікті. Намаз оқыған кісі алдынан өтпекші болған
адамға «Субханаллаһ» деп ескерте алады
207
.
«Фатиха сүресінен» кейін «әминді» іштей
яки жария айту мәселесі
Кейбір мұсылмандар: «Намазда «Фатиха»
сүресінен кейін «Әминді» іштен айтуға
байланысты Ханафи мәзһабының дұрыс
дәлелі жоқ. Ең дұрысы «жария» айту» деп
уағыздап жүр. Осы дұрыс па?
Ханафи мәзһабының қай амалы болсын дәлелсіз
алынбаған. Ал, кей дәлелдердің жазылмауы фиқһ
кітаптарының халыққа жеңілдігін көздеп қысқартып
бергендікте. «Әминді» іштен айтуға келетін болсақ,
оған Ханафи ғұламаларының көптеген дәлелдері бар.
Мысалы:
• Пайғамбарымыз (с.а.у.):
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنّ رَسُولَ اهِّ صَلّى اهُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ قَالَ إِذَا قَالَ
ِالِْمَامُ { غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَالَ الضّالِّينَ } فَقُولُوا آمِينَ فَإِنّهُ
مَنْ وَافَقَ قَوْلُهُ قَوْلَ الْمَالَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدّمَ مِنْ ذَنْبِه
«Имам «Ғайрил-мағдуби алайһим уәладдаллин»
деген кезде сендер де «әмин» деңдер, кімде-кімнің
«әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне дәл келсе,
жасаған күнәлары кешіріледі»
, – деген. (Бұхари/1-108.
Хадисті Әбу Һурайра риуаят етті).
• Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисінде
былай деген:
207
Білмен, 132.