Previous Page  108 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 520 Next Page
Page Background

108

Ислам ғылымхалы

ризық, нығмет үшін рақметімізді ғибадат арқылы білдіріп,

Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау.

Жан-жағымызды қоршап жатқан күллі болмыс

атаулы тек қана біз үшін жаратылған. Аллаһ Тағала

өзінің шексіз құдыретімен оларды әлсіз, дәрменсіз

адам баласының қызметіне бас идірген. Алып табиғат

денелерін Ұлы Жаратушы өзі бас идірмесе оларды

күшпен бағындыруға адам баласының қауқары жетпесі

даусыз.

Арайлап таңның атуы, алаулап күннің батуы кім

үшін?!

Жосылып бұлттың көшуі, еркелеп желдің есуі кім

үшін?!

Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған

теңіз кім үшін?!

Қойнауын қазынаға толы, тәккаппар бейне-

де жаралған, аспанмен таласқан асқар таулар кім

үшін?!

Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрістежүрген

жан-жануар атаулы кім үшін?!

Жан-тәнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды

толқытып, ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар

кім үшін?!

Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан

алуан түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек

кім үшін?!

Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?!

Бір ғана жауап − бәрі де біз үшін. Бәрі де адам баласы

үшін. Бәрі де ардақты жаратылыс иесі адамзат

үшін.