104
Ислам ғылымхалы
жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік әлемін
және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылысты жа-
сайтындай күш пен ақылдан мақұрым.
АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ
Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті
күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни
дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не
үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі
сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір
белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім
дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады.
Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды.
Енді асыл арманыма, аңсаған мақсатмұратыма жеттім де-
генде, өлім оны қуып жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің
алдамшы қызылына қызығып, қайран бір ғұмырды
жоқ етеді. Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген
міндетін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ
ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын
тойдыру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат
ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс – адамның
осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның
құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, универ-
ситетте бес-алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы
үшін өтірік айтып, өсек айтып, басқаны қызғанғаны
ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам
бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осын-
шама төмен деңгейге түскені ғой... Жо-жооқ, әлемдегі
ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте бұндай төмен
болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзін алып қарасақ,