100
Ислам ғылымхалы
әлемді сен жараттың. Мені де сен жараттың. Мен сенің
құлыңмың. Сен Ұлысың. Одан кейін Аллаһты пәктеп,
мадақтаған дұға оқылады. Яғни, ей, Ұлы Ием! Сенің
ешқандай ортағың да, серігің де жоқ. Сен нұқсандық
атаулыдан мүлдем адасың, пәксің. Осылайша мұсылман
әрі қарай қырағатқа бастарда барлық қуылған шайтаннан
және олардың жамандық пен кесепаттық іс-әрекеттерінен
Аллаһ Тағалаға сиынады. Бұл жерде әлсіздігін сезініп,
Ұлы Құдіретті паналау бар. Бұдан кейін қырағат оқиды.
Яғни, намазда Құран оқу да бар. Әрі намазда ораза да
бар. Өйткені, адам намазда бір нәрсе жесе, намазы
бұзылады. Намазда зекет те бар. Бүкіл бес уақыт намаз
адамның шамамен жиырма төрт сағатының бір сағатын
алады. Адам өзінің күндік өмірінің бір сағатын зекет
етіп, Аллаһ Тағала жолына береді. Оның қарымы ретінде
ақыретте Аллаһ Тағала жәннатты бермек. Жәннат –
адамның қиялына сыймаған, көз көріп, құлақ естімеген,
бұл фәнидің бақытты мың жылы оның бір сәтіне де
тұрмайтын аса ғажайып мәңгілік бақыт мекені. Алайда,
кейбірмұсылмандар бұл ғұмырда өзімнің діттегенмежеме
жетемін, сондықтан да бір сағат мен үшін аса қымбат деп
қанша тырысып, жиырма төрт сағатын жұмсап, өмір бақи
ұмтылғанымен көбінесе мақсаттарына жете алмайды.
«Біреулер оқысам» деп армандайды. Оқыған соң жақсы
қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана
қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп
армандайды. Фәни ғұмырдың биігі ешқашан бітпейді.
Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады. Біреулер балам
болса, артымда тұяқ қалса деп ойлайды. Бірақ ертең
баласы әкесін дәл өзіндей жақсы көре алмауы мүмкін.
Негізгі мақсат пен тәлім-тәрбиесін бере алмаса, қарттар