Previous Page  106 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 520 Next Page
Page Background

106

Ислам ғылымхалы

сияқты жаман қылықтардан арылып, бойындағы

асыл қасиеттерді шыңдап, сан алуан сезімдерін

кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерінжетілдіру арқылы

«кәміл адам» тұғырына көтерілу. Сөйтіп, «кәміл

адам» күйінде о бастағы асыл мекені – Жәннатқа

оралу. Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп,

ондағы мәңгілік бақытқа, бұрын-соңды көз көріп,

құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған Ұлы

Жаратушысының өлшеусіз ғажайып сый-сияпатына

қауышу һәм бұның бәрінен де қымбаты − Жұмақта

Аллаһ Тағаланың аса көркем дидарын тамашалап

шексіз ләззатқа кенелу.

Хақ Тағалаға деген құлшылықтың мәні

Күллі жаратылыс атаулы − Аллаһ Тағаланың

құдіретін, шеберлігін, ілімін, жалғыздығын, ұлылығын

танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап

Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Аллаһ Тағала

Құран Кәрімде:

﴿وَمَا خَلَقْتُ الجِنّ وَالنْسَ إلاّ لِِيَعْبُدُونَ﴾

«Мен жындар мен

адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат

етсін» деп жараттым»

112

– дейді.

Демек, Аллаһ Тағала бізді бұл дүниеге Өзін

мына жаратылысқа қарап тапсын, танысын, білсін,

құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің алдында таңғалып,

бас исін, құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез-

келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне

қарап таңғалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін,

шеберлігін, талантын мойындап, оған мақтау айтамыз.

112

Зарият сүресі 56-аят.