105
Намаз
әрқайсысының белгілі бір мақсат үшін жаратылған
көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың да өзіндік міндеті
бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа желінін сыздата
аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның
атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып
жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді.
Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс иесінің өзіндік
міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің өзінде сол
міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем жаратылыс
иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен
басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?
Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз санасы
мен абырой-дәрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті
болуы тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті
болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен
дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып-шығарудан
аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте
олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән
жоғары міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса
абыройлы міндет.
Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Жа-
ратушыны тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының
бойынан Аллаһ Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен
ұлылығын көріп, Оның құдырет-күшінің алдында
таңғала бас иіп, құлшылық жасау.
Ол − өзіне тегін берілген сансыз жақсылық,
нығметтер үшін ҰлыжаратушыИеге алғыс-рақметін
білдіріп, Оның алдында мәңгілік қарыздар екенін
сезіну.
Бұған қоса, табиғатындағы қызғану,
сабырсыздық, жалқаулық, қанағатсыздық