Previous Page  96 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 520 Next Page
Page Background

96

Ислам ғылымхалы

нәрсеге әмір етілмеген болатын»

99

. «Намазды толық

оқыңдар...»

100

.

Сүннеттен дәлелдер: Бұл туралы риуаят етілген

көптеген хадистер бар. Бұлардың кейбіреуі:

«Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген бір хади-

сте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Ислам бес

нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне

және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік ету,

намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару

және Рамазан оразасын ұстау»

101

.

Хазіреті Пайғамбар Муаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йе-

менге жіберіп жатқанда, оған былай дейді:

«Сен әһли

кітап саналған қоғамға бара жатырсың. Оларды ал-

дымен Аллаһқа құлшылық етуге шақыр, Аллаһты қабыл

етсе, Аллаһтың оларға бір күнде бес уақыт намаз парыз

еткенін айт. Намазды қабыл етсе, Аллаһ Тағаланың

олардың ауқатты жандарына кедейлерге беру үшін

зекет парыз еткенін айт. Қабыл етсе, олардан зекет

ал. Бірақ адамдардың мал-мүлкінің ең жақсысын алма,

жәбір көргеннің қарғысынан сақтан. Өйткені, оның

дұғасы мен Аллаһ Тағаланың арасында перде жоқ»

102

.

Сонымен қатар, күллі Ислам ғалымдарында бір

күнде бес уақыт намаздың парыздығы жайлы бір ауыз-

дан құптаушылық бар.

Намаздың һижреттен (көш) бұрын Миғраж түнінде

парыз болғаны жайлы нақты хабарлар бар. Әнас (р.а.)

жеткізген бір хадисте айтылады:

«Миғраж түнінде

99

Бәййәна, 98/5.

100

Хаж, 22/78.

101

Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.

102

Бухари, Зәкәт, 41, 63, Мағази, 60, Тәухид, 1; Нәсаи, Зәкәт;

Дарими, Зәкәт, 1.