98
Ислам ғылымхалы
Намаздың пайдалары мен хикметтері
Намаз – Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі.
Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған
адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен
хадистер бар. Құранда былай дейді:
«(Ей, Мұхаммед!)
Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында.
Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан
тыяды»
106
.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға:
«Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында
өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол
адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жо,қ
қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі
(с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз
да күнәларды тазалайды»
107
.
Басқа бір хадисте былай дейді:
«Бес уақыт намаз
бен жұма намазы үлкен күнә жасамаған адамды келесі
жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады»
108
.
Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең ал-
дымен намаз сұралады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай
дейді:
«Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тар-
тылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз». Ұлы Раббы-
мыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді:
«Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық
орындап па, кемістігі бар ма»? Егер оның парыз на-
маздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазы-
106
Анкабут, 29/45.
107
Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад,
80, 90; Насаи, Салат, 7.
108
Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә,
Таһарат, 79,106.