Previous Page  99 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 520 Next Page
Page Background

99

Намаз

лады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Аллаһ

Тағала былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын

толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын

толық оқыған болса, Аллаһ Тағала «Құлымның нұқсан

парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді.

Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша

есепке тартылады»

109

.

Иә, адамды ең көркем түрде жаратып, жерді бесік,

көкті шаңырақ, күнді шырақ етіп игілігіне ұсынған

Ұлы Жаратушы адамға берген мұншалық ырыс-

берекетінің қарымына шүкір етулерін қалайды. Намаз

– күллі шүкірді қамтыған ғибадат. Мына көрінген және

көрінбеген шексіз әлем қаңыраған сарай емес. Керісінше,

онда Аллаһ Тағалаға ғибадат еткен сансыз періштелер

бар. Кейбір періштелер жаралғалы сәждеде. Енді бірі

жаралғалы рүкүғта тұрып, Аллаһ Тағаланы пәктеуде.

Енді бірі түрегеп тұрып, Аллаһ Тағаланы нұқсандық пен

шірк атаулыдан пәктеп, ғибадат етуде. Міне, намазда осы

періштелердегі ғибадат түрінің бәрі бар. Сол себепті,

әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғибадатта. Мысалы,

алып бәйтеректер кішілігін паш етіп, қолдарын жерге

жайған сүмбі талдар самал желмен тербеле қозғалып,

Жаратушыға ғибадат жасайды. Планета мен аспан

денелері бір-бірін бейне бір Қағба тәрізді айналып,

күллі әлем Ұлы Жаратушыны пәктеп, өз тілдері және

іс-әрекеттерімен ғибадат үстінде. Міне, осының бәрі

намазда бар.

Әрі намазда адамға парыз, сүннет ғибадат түрінің

бәрі бар. Бір мұсылман намазға тұрғанда «Аллаһу

әкбар» деп бастайды. Яғни, я, Ұлы Жаратушым! Мына

109

Тирмизи, Салат; 118.