90
Ислам ғылымхалы
Тәйәммүм шарттары
Ниет. Ниет тәйәммүмде парыз. Тәйәммүм алатын
кісі қолын тәйәммүм соғылатын топыраққа қойған кезде,
яки тәйәммүм ала бастағанда, намаз немесе басқа дәретсіз
жасауға болмайтын ғибадатты іске асыру мақсатымен
алу қажет. Мұндай ниеті болмаған кісі тәйәммүммен
намаз оқи алмайды. Яғни, әр ғибадатқа арнайы ниет
шарт
94
.
Тәйәммүмді қажет ететін үзір. Қалада тұрып судан
бір мил (1848м) қашықта болу. Ауру, қауіпті суық,
дұшпан, су болмау қаупі, су шығаратын құралдың
жоқтығы. Жаназа намазы немесе айт намазының өтуінен
қорқу секілді себептерге байланысты тәйәммүм алуға
болады.
Тәйәммүм топырақ, тас, тозаң, құм секілді
нәрселерден алынуы тиіс. Күл, алтын, отын, темір секілді
нәрселермен іске аспайды.
Тәйәммүм ететін мүшелерді түгелдей мәсіх ету
Қолдарды топыраққа екі рет соғу. Бірінші жүзін
екінші, екі қолын шынтақтарына дейін мәсіх ету.
Хайыз немесе нифастың бітуі.
Дененің мәсіх етуге кедергі жасайтын май секілді
нәрселерден таза болуы.
Тәйәммүм уақыты
Намаз уақыты кірмей тұрып тәйәммүм соғуға
болады. Бірақ су табылып қалар деп үміт еткен адамның
тәйәммүмді кешіктіріп алуы – мәндүп. Ханафилер-
де уақыттың шығуынан қорыққанда, мына кездерде
94
Білмен, Омер Насухи. Бүйүк Ислам илмихали. Станбул. 1967.
99.