Previous Page  85 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 520 Next Page
Page Background

85

Тазалық

саусағының ені және ұзындығының өлшеміндей. Ал

мәсіхті саусақтарын ашық ұстап, аяқ саусақтарынан

жоғары қарай қонышына дейін тарту – сүннет. Муғира

ибн Шуғбә (р.а.):

«Аллаһ Елшісі мәсіге мәсіх етті. Оң

қолын – оң мәсісінің үстіне, сол қолын – сол мәсісінің

үстіне қойып, жоғары қарай бір рет мәсіх тартты»

86

.

Сонымен қатар, мәсіге су төгу, ылғал матамен сүрту

және мәсінің еніне қарай яки қонышынан бастап сүртуге

де болады. Бірақ бұл сүннетке томпақ нәрсе. Мәсінің

табанына мәсіх етілмейді.

Мәсіге мәсіх тарту шарттары

1. Мәсілер аяқ жуылғаннан кейін киілуі керек.

Сахаба Муғира: «Аллаһ Елшісімен бірге болған кезімде

ол дәрет алды. Сол кезде мен оның мәсілерін шешуге

ыңғайланып едім:

«Тимей-ақ қой, өйткені, мен оларды

дәрет бар кезде кидім деді»

87

– деп риуаят етті.

2. Мәсілер аяқтың жуылуы парыз болған жерлерін

жауып тұруы керек. Яғни, аяқты тобықтарымен бірге

жауып тұруы ләзім.

3. Аяққа киілген мәсі кем дегенде 5,5 км-ден артық

жол жүруге шыдайтындай болуы керек.

4. Мәсінің бүтін болуы шарт. Ханафи мәзһабында

жеңілдік қағидасына сай аз жері ғана жыртылған тесік

мәсіге мәсіх тартуға болады. Бірақ тесік аяқтың кіші

саусағының өлшемімен үш саусақтан артық болмауы

керек. Және бір мәсідегі жыртық жерлері бірігіп, кіші

үш саусақтың көлеміндей болса, мәсіге мәсіх тартылмай-

86

Әбу Дәәуд, Таһарат, 63; Ханбәл, 6, 247.

87

Бухари, Уду’, 49.