Previous Page  80 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 520 Next Page
Page Background

80

Ислам ғылымхалы

анзил а’лаййа мин бәрәкатик»

. Мағынасы:

«Аллаһым!

Мені рақымыңа бөлеп, берекетіңді жаудыр».

8. Құлақты мәсіх еткенде: َ

{أللهُمّ اجْعَلْنِي مِنَ الّذينَ يَسْتَمِعُون

الْقَوْلَ فَيَتّبِعُونَ احْسَنَهُ}

Оқылуы:

«Аллаһуммаж’ални минәл-

ләзинә иәстами’унәл-қаулә фә иәттәби’унә әхсәнә»

.

Мағынасы:

«Аллаһым! Мені хақ сөзді естіп, ең ізгі

жолмен жүрушілерден ет!»

9. Мойнын мәсіх еткенде:

{أللهُمّ اعْتِقْ رَقَبَتِى مِنَ النّارِ}

Оқылуы:

«Аллаһумма а’тиқ рақабәти минән-нәр»

.

Мағынасы:

«Аллаһым! Денемді жаһаннам отынан азат

ет!».

10. Аяқты жуғанда: ِ

{أللهَمّ ثَبِّتْ قَدَمَيّ عَلَى الصِرَاطِ يَوْمَ تَزِلّ فيه

الاَقْدَام}

Оқылуы:

«Аллаһумма сәббит қадамайиә ‘алас-

сирати иаумә тәзиллу фиһил-ақдам»

. Мағынасы:

«Аллаһым! Аяқтардың таятын күні екі аяғымды тура

жолда мығым ет!».

Дәретті бұзатын нәрселер

1. Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді

нәжісаттың немесе қандай бір сұйық, не қою нәрсенің

шығуы.

2. Мұрыннан немесе дененің кез-келген жерінен

қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген

қан егер түкіріктің көлеміндей немесе түкіріктен көп

болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды. Дененің

басқа жерінен шыққан қан айналасына жайылса, дәретті

бұзады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Әрбір аққан қан үшін

дәрет алу керек»

, – дейді. Егер ине ұшындай бір қан

шығып, қатып қалса дәретке зияндығы жоқ. Тіпті оны

қолмен сүртіп не үгітіп тастау да дәретті бұзбайды. Сол

секілді жарадан аққан ірің мен сары су да қан секілді.