Previous Page  77 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 520 Next Page
Page Background

77

Тазалық

Дәрет әдебі

1. Дәрет алған кезде құбылаға қарау.

2. Уақыт кірмей тұрып, дәрет алып, намазға әзір

тұру.

3. Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау

жерде болу.

4. Дәрет алған кезде біреуден себепсіз жәрдем

сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке

қайшы емес. Муғира ибнШуғбә сапарда Пайғамбарымыз

(с.а.у.) дәрет алған кезде су құйған

79

.

5. Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдату.

Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз.

6. Дәретте ауыз бен мұрынға суды оң қолымен

алып, сол қолымен шығару.

7. Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға

мәсіх ету – мұстахап, мәндүп, әдеп деп айтылған.

8. Мүшелерді жууға жетерліктей ғана су алу.

Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі,

суды ысырап ету – мәкрүһ.

9. Дәрет алғанан кейін шаһадат сөзін айту және

дұға оқу.

10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу.

Өйткені, бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды.

11. Дәреттен артылған судан түрегеп тұрып,

құбылаға қарап аздап су ішіп,

«Я, Аллаһ Тағалам, мені

әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын

аулақ ұстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет»

– деп

дұға оқу.

79

Нәйлул-Әутәр, 1, 175.