74
Ислам ғылымхалы
мисуактың жаңаша ғылыми анализін жасап, жан-жақты
терең зерттеу үстінде.
Сиуәктау – «тіс тазалау» деген сөз. Сондықтан, ми-
суакпен ғана шектеулі емес, саусақтармен, тұзбен, паста-
мен, т.б. нәрселермен де жасай алады. Бірақ мисуактың
орны ерекше.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) күніне он бес рет мисуак
қолданып, сүннет етуді әмір етіп, қазіргі тіс тазалығы
мен тіс ауруына деген сақтықтан әлдеқайда басым
түскен. Халықты былай қойғанда, тіс дәрігерлерінің
өзі күніне бес-он рет тістерін тазалайды деп ойламай-
мын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кем дегенде күнделікті
тіс тазалауының өзі осыған жететін. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) түнде бірнеше рет намазға тұрғанда сөзсіз мисуак
қолданатын еді.
74
Таң намазында, күн шығыс және сәске
намаздарында, бесін, намаздыгер, намазшам және құптан
намаздарында мисуак қолданатыны секілді, тамақтан
кейін де тістерін мисуакпен тазалайтын. Санайтын
болсақ, Аллаһ Елшісінің алдыңғы айтқан сандардан
әлдеқайда көп мисуак қолданғанына куә боламыз»
75
.
7. Рет-ретімен жасау. Дәретте мүшелерін аятта
берілген ретпен орындау. Яғни, алдымен қолды, бет-
жүзді, содан-соң екі білекті шынтағымен жуу, басты
мәсіх ету, аяқтарды жуу.
8. Дәретті оң жағынан бастау. Алдымен оң қол
және оң аяқ жуылады. Хазреті Айша Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) барлық істі оңнан бастағанды жақсы көретінін
айтады
76
.
74
Бухари, Уду’ 73; Муслим, Таһарат 46,47,
75
М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры.
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)
76
Бухари, Салат, 47.