73
Тазалық
Кімде-кім дәрет аларда Аллаһтың атын еске алмаса,
тек қана дәрет мүшелерін тазалайды»
70
.
4. Мадмада мен истиншақ. Қолдарын жуғаннан
кейін алдымен үш рет аузына су алып шайқап төгуді –
мадмада, үш рет мұрнына су алып төгуді – истиншақ деп
атайды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім
дәрет алуға әзірленіп, алдымен мадмада, истиншақ, ис-
тиншар жасаса, сөз жоқ, сумен бірге аузы мен мұрнының
күнәлары төгіледі»
71
.
5. Мадмада мен истиншақта тереңдік: Су мадмада-
да тамаққа дейін, истиншақта кеңсірікке дейін барады.
Бірақ аузы берік жандарға мұны жасауға болмайды.
Сонымен қатар, аузы мен мұрнына суды рет-ретімен
алу, суды жаңалау, оң қолымен алу, шалқалау және
аузы берік адамдар мұрнының тек жұмсағына дейін су
жіберу–мүәккад сүнеттерге жатады.
6. Мисуак қолдану. Мисуак – араб түбегінде
өсетін, тісті тазалауға таптырмайтын ағаш. Ол жайында
Пайғамбарымыз (с.а.у.) көп өсиет еткен. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Мисуак – ауыздың тазалығы, Раббыңның да
разылығы»
, – дейді
72
. Басқа бір хадисінде:
«Үмбетіме
ауыр келмегенде әр намаздың алдында мисуак қолдануды
әмір етер едім»
, тағы бір хадисінде
«Әр дәретпен бірге
мисуак қолдануды әмір етер едім»
73
, – дейді.
«Мисуак қолдану –маңыздысүннет. Бұрынғылар осы
хақында том-том кітаптар жазған. Бүгінгі зерттеушілер
70
әш-Шәукәни, Мухаммәд ибн Али. Нәйлу’л-Әутәр фи Шәрхи
Мултәқәл’-Ахбар. Египет.т. 1. 135,
71
Муслим, Мусафирун, 294.
72
Бухари, Саум, 27.
73
Муслим, Имарә, 103; Ханбәл, 1, 80.