Previous Page  71 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 520 Next Page
Page Background

71

Тазалық

Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да дәретсіз қолмен

ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне

қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік

пайдалары көп. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда:

«Кімде-

кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз

оқыса өткен күнәлары кешіріледі»

66

.

«Кімде-кім дәрет алып, жүзін жуғанда, бет

мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда,

сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен

бірге ағып, тап-таза болады»

67

, – дейді.

Хазіреті Осман әңгімелейді:

«Пайғамбарызбен бірге едік. Дәрет алып жатқан

бір кісіні көзі шалып, Аллаһ Елшісі сәл езу тартты. Мен

мұның мәнісін білгім келіп:

– Не үшін күлдіңіз, құрметтім? – дедім. Ол кісі

маған қарап:

– Жаратушы Иемнің дәрет алатын құлына

көрсететін ілтипатын ойлап езу тарттым. Дәрет

алған кезде адам денесінің әр мүшесін жуған сайын,

сол мүшелерден сумен бірге адамның күнәлары да

сыздықтап ағып кетеді, – деп жауап берді.

Дәреттің парыздары

Құранда дәретке байланысты:

«Ей, иман еткен-

дер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды

шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып,

аяқтарыңды екі тобығына дейін жуыңдар»

68

делінген. Аятта төмендегідей төрт парыз айтылған:

66

Бухари, Уду’,28.

67

Муслим, Таһарат, 32.

68

Маида, 5/6.