68
Ислам ғылымхалы
абай болған жөн. Лас жындардың жабысатын уақыттары
осындай кезеңдер. Сол себепті, жүніп болған адамдар
тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.
6. Құранды ұстай алмайды. Бірақ Құранды қабымен
яки орамамен ұстауына болады.
Әйелдердің хайыз, нифас және үзір халі
(истихада)
Аллаһ Тағала әйел затын рухы мен тәні жағынан
ерлерге қарағанда бөлек жаратқан. Мысалы, әйел аса
мейірімді, рақымды, тез қамығып, тез қуанатын сезімтал
етіп жаратылған. Осы әйел затында хайыз, нифас, үзір
халдері бар. Әйелдің балиғат жасына жетуі де хайыздың
алғашқы көрінуімен басталады.
Хайыз
Хайыз (етеккір) – әр айдың белгілі күндерінде
әйел адамдарда кездесіп, кей ғибадаттарына кедергі
келтіретін қан. Әйел хайызы, Имам Ағзам мәзһабы бой-
ынша, шамамен тоғыз жасынан елу бес жасына дейін
жалғасады. Хайыз пайда болған әйел намазы мен ораз-
асын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын
ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын
«жеңілдік қағидасына»
байланысты өтеуінің қажеті
жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі – үш күн. Ең көбі – он
күн. Бұдан азды-көпті болса «үзір қаны» деп саналады.
Хайыз қаны – Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті
Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз көре келген.