Previous Page  72 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 520 Next Page
Page Background

72

Ислам ғылымхалы

1. Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы

парыз. Мұның өлшемі–шаштың шетінен басталып, иек

асты мен құлақтың түбіне дейінгі жерлерге, сақал, мұрт

және қастардың түбіне су бару керек.

2. Екі қолын жуу: екі қолын, білегін шынтағымен

қоса бір рет жуу – парыз. Саусақтарының арасын, жүзігі

болса, оның астына су баруын қадағалау қажет.

3. Басқа мәсіх ету: басының төрттен бірін су

қолымен немесе басқа жерде қолданбаған таза ылғалмен

бір рет мәсіх ету – парыз. Муғира ибн Шуғбә былай

дейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәрет алып басының алдын,

сәлдесінің үстін және мәсілерін мәсіх етті»

.

4. Аяқтарын жуу: аяқтарын екі тобығымен бір

рет жуу–парыз. Тобықтарды бірге жуу өте маңызды.

Пайғамбарымыз:

«Отта жанған сол тобықтардың халі

неткен жаман», – деп қатты ескерткен

69

.

Дәреттің сүннеттері

1. Ниет ету. Дәретке іштей ниет ету – сүннет.

Жүрекпен қоса тілмен ниет ету – мұстахап.

2. Дәретке бастаған кезде алдымен қолдарын

білектеріне дейін жуу – сүннет. Бірақ таза болмаған

қолдарын жуу – басқа мүшелерді кірлетпеу үшін

парыз.

3. Дәретті «Ә’узу» және «Бисмиллаһпен» бастау.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Кімде-кім дәрет алғанда

«Бисмиллаһ» деп бастаса, барлық денесін тазалайды.

69

Бухари, Илм, 30.