75
Тазалық
9. Дәрет мүшелерін үш реттен жуу. Барлық дәрет
мүшелерін үш реттен жуу – сүннет. Сондықтан не артық,
не кем жуу сүннетке қайшы. Бірақ, әлбетте күмәнданып,
қайта жуудың жөні басқа. Мәсіх бір рет қана істеледі.
10. Дәретте қолдарын, аяқтарын жуған кезде саусақ
ұштарынан бастау.
11. Саусақтарды салалау. Дәрет алғанда қол
мен аяқ саусақтарының арасын салалап жуу керек.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Саусақтардың арасын
салалаңдар. Олардың арасына жаһаннам оты кіріп,
оларды салаламасын»
77
, – деді.
12. Сақалдарды салалау. Дәрет алған кезде тығыз
сақалы болғандар қолдарын сақалдарының арасы-
на кіргізіп, жоғары қарай тартып салалау керек.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай салалап:
«Раббым
маған осылайша әмір етті»
, – дейді
78
. Қысқа не сирек
сақалдардың араларына су кіру оңай болғандықтан жуу
жеткілікті.
13. Қаптама мәсіх – басына толық мәсіх жасау.
Шынашақпен (кіші саусақ) бірге үш саусақ ұшма-ұш
келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен
мәсіх етіп, желкеден соң алақанымен құлақ үстіндегі
бастың екі жағы, сұқ саусақтарымен құлақтың ішін,
бас бармақпен құлағының арты, саусақтар сыртымен
мойынға мәсіх ету – сүннет. Тамақты мәсіх ету сүннетке
жатпайды.
14. Дәрет мүшелеріне су құйып ысқылау.
15. Дәрет мүшелерінің бәрін бір уақытта жуу. Яғни,
бірі құрғамай жатып, екінші мүшені жуу.
77
Әбу Дәәуд, Таһарат, 56.
78
Нәйлу’л-Әутәр, 1,148.