Previous Page  78 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 520 Next Page
Page Background

78

Ислам ғылымхалы

12. Дәреттен кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін

оқу.

13. Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат

нәпіл намазын оқу.

Дәрет мәкрүһтері

1. Дәрет алған кезде өлшемнен тыс артық су пайда-

лану. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алып жатып

суды ысырап еткен адамға «өзеннің жағасында алсаң да,

суды ысырап етпе» деп ескерткен.

2. Суды бетке немесе басқа мүшелерге шашыратып

жуу. Бұл әдепсіздікке жатады.

3. Дәрет алу кезінде орынсыз сөйлеу.

4. Лас жерде дәрет алу.

5. Мұқтаж болмаса да басқалардан жәрдем сұрап,

дәрет алуға су құйдыру.

6. Аузы берік адамның мадмада мен истиншақта

әсірелік жасауы. Мұнда тамаққа су кету қаупі бар.

Дәреттің дұғалары

Негізінде дәрет алған кезде айтылатын дұғалар

хадисте жоқ. Сәләфи ғалымдарынан бізге жеткен бұл

дұғалардың оқылуын Ханафи мен Мәликилер мұстахап

санаған.

1. Дәрет алған кезде «Ә’узу» мен «Бисмиллаһ»

деп мына дұға оқылады: ٌ

هِّ الّذِى جَعَلَ الْمَاءَ طَهُورا

{َألْحَمْدُ ل

وَ جَعَلَ الْسْلاَمَ نُورًا}

Оқылуы:

«Әл-хамду лил-ләһил-

ләзи жә’алал-маә тәһурән уә жа’әләл-исламә нура»

.

Мағынасы:

«Суды тазартушы, Исламды нұр еткен

Аллаһ Тағалаға шүкір».