84
Ислам ғылымхалы
Үзірлі адам таң намазы үшін сол уақытта дәрет алса,
дәреті уақыттыңшығуына дейін, яғни күншыққанға дейін
жалғасады. Бірақ адамның үзірі тоқтаған кезде дәрет
алып, үзірі қайталанбай дәретті бұзатын басқа бір жағдай
болмай тұрып, уақыт шықса, мұндай жағдайда намаз
уақытының шығуымен алған дәреті бұзылмайды.
Бірақ бір үзірлі кісі күн шыққаннан кейін алған
дәретпен бесіннамазының уақытышыққанға дейін дәретті
бұзатын басқа бір жағдай болмайынша, қалағанынша
намаз оқи алады. Өйткені, күн шыққаннан кейінгі уақыт
пен бесін намазына дейінгі аралықтағы уақыт – екі парыз
намазының арасы емес. Үзірлі адамның киіміне үзірден
шыққан қан, ірің, т.б. намазына кедергі жасамайды.
Ислам – жеңілдік діні.
Мәсіге мәсіх тарту
Дәрет алған адам егер аяғында мәсісі болса, аяқты
жуудың орнына мәсісін мәсіх етеді. Мәсіх – аяқтың
ұшынан жоғары қарай су қолымен сүрту. Мәсіге мәсіх ету
мәселесі бізге Пайғамбарымыздан жеткен. Хазіреті Әли
(р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мәсісінің үстіне мәсіх
тартқанын көргенін айтады
84
. Сафуан ибн Ассал (р.а.):
«Аллаһ Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер
жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн бір түн
бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен
дәрет үшін оны шешудің қажеті жоқ екенін, тек жүніп
болған кезде ғана шешуімізді әмір етті»
85
, – деген.
Мәсіге мәсіх тартудың парыз болған мөлшері – әр
аяқтың алдыңғы жағындағы мәсінің үстіне қолдың үш
84
Әбу Дәәуд, Таһарат, 63.
85
Тирмизи, Дәауат, 98.