Previous Page  86 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 520 Next Page
Page Background

86

Ислам ғылымхалы

ды. Бірақ екі мәсінің жыртығын қосып, үш саусақтың

көлемінен асты деп үкім беруге болмайды.

5. Мәсілердің өздігінен тұра алатындай болуы.

Және сырттағы суды дереу ішке тартып алатындай

болмауы керек. Шұлыққа мәсіх тартуға болмайды.

Бірақ шұлық қалың болып, онда жоғарыда айтылған

ерекшеліктер болса, мәсі ретінде саналады. Ханафи

мәзһабы бұған рұқсат берген.

Мәсіге мәсіх тарту мезгіліне келсек, тұрғынға – бір

күн, бір түн, яғни 24 сағат, ал жолаушыға – үш күн, үш

түн. Мәсіхтің уақыты – мәсіні дәрет алып киген соң,

алғаш рет дәрет бұзылған сәттен басталады. Яғни, мәсіні

киген кезден бастап емес, дәрет бұзылғаннан басталады.

Мәселен, таң ертең сағат жетіде дәрет алып, мәсіңізді

кидіңіз делік. Содан сағат екіде дәретіңіз бұзылды. Міне

осы сағат екіден сіздің жиырма төрт сағаттық мәсіхтік

мерзіміңіздің уақыты басталады.

Мәсіхті бұзатын нәрселер

Дәретті бұзатын нәрселер мәсіхті де бұзады.

Сондықтан әлі мезгілі толмаған мәсіге қайта дәрет

алынғанда мәсіх тартады.

Жүніптік, хайыз, босану секілді ғұсылды қажет

ететін жағдайлар мәсіхті жарамсыз етеді.

Мәсіх тартылған мәсінің аяқтан шығуы. Бұл кезде

егер дәрет болса тек аяқтарды жуу жеткілікті. Егер

бір аяқ шықса, екі аяқты да жуу қажет. Мәсінің

қонышына дейін аяқтың басым көпшілігінің

шығуы түгел шыққанмен тең.

Аяқтың кіші саусақ өлшемімен санағанда үш

саусақ көлеміндей бір мәсінің жыртылуы.