60
Ислам ғылымхалы
Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек.
Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмай-
ды
33
.
Истинжа
Истинжа – қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет
сияқты ластықтардан тазалану. Су арқылы, сақарада
кішкене таспен де тазалауға болады. Пайғамбарымыздан
сұрағанда:
«Су мен тас арқылы»
деп жауап берген
34
.
Бірақ көмір, сүйекпен тазалау – мәкрүһ. Арнайы жасалған
әжетхана қағазы және басқа да қағаздар жарамды.
Истибра
Истибра – кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей
арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет
35
. Истибра
дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы
жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс. Истибраға
мына хадис дәлел:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екі қабірдің
жанынан өтті де, былай деді: «Олар азап шегуде. Азабы
үлкен бір іс үшін емес. Кіші дәрет сындырғаннан кейін
истибра жасамайтын»
36
.
Ғұсыл
«Ғұсыл» (араб тілінде) – жуыну, шомылу деген
мағынаны берсе, шариғат терминінде бүкіл дененің
арнайы түрде толық жуылуын білдіреді.
33
Әбу Дәәуд, Таһарат, 6.
34
Зуһайли.әл-Фиқһул-Ислами уә Әдиллатуһ. Димашқ.1985.
І,196.
35
Ибн Мажә,Әбу Абдиллаһ Мухаммәд ибн Иазид әл-Казуини.
Сунән. Египет, 1952. Таһарат; 19.
36
Бухари,Уду´, 55-56.