45
Ислам ғылымхалы
«Атыңнан айналайын, Пайғамбарым,
Мен сенсіз қалай ғана жай табармын?
Тыным таппай салауат айтсам-дағы,
Есіміңді келеді қайталағым.
Сүннетің ажыратып ақ-қараны,
Саған ерген ғұмырдан бақ табады.
Күллі әлем теріс қарап кетсе-дағы,
Мәңгі есімің жүректе сақталады» – деп
жырлағанындай, сол заманда Аллаһ Елшісінің сүннетін
жандандыруға ат салысқан кісі жүз шейіттің сауабын
алады.
Иә, сол бір сұрапыл заман зулап өтіп артта қалды
ма, әлде болашақта бола ма? Бізге белгісіз. Бірақ Хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.у.) үмбеті тоқырау кезеңін бастан
өзкізетіні айдан анық.
Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына сол сұрапыл
дәуір жайлы былай дейді:
«Әйелдерің сөз тыңдаудан қалып, тәні ашылып,
көшеде жүрген, жамандықтары жер-жаһанға жайы-
лып, ақиқат айтылудан қалған заман туғанда халдерің
не болады?»
.
Сол сәтте сахабалар не дерін біле алмай қатты
дағдарды. Өйткені, олар мұсылманның басына мұндай
жамандық келеді деп ешқашан ойламаған. Қатты уай-
ымдап, таңырқап:
– Осы айтылғандар бола ма, Пайғамбарым? –
деді.
Сонда Аллаһ Елшісі:
–
«Нәпсімді құдіретті қолына ұстаған Аллаһқа
ант етейін, бұдан да жаманы болады»
, – деп жауап